Журнал НОМАД-Казахстан Жаңа номерде:
Хан Тәңірінің қиын алтыны Планетаның
ең солтүстік жеті мыңдық биіктігін бағындыру жаз мезгілінің өзінде оңай
шаруа емес. Ал қыста бағынбайтын және тәкаппар Хан Тәңіріге шығу
жөніндегі батыл жоспарлар туралы не айтуға болады! Алайда, өткен күзде
қазақстандық альпинистер командасы 2011 жылдың қаңтарында Хан Тәңірі
шыңын бағындыру жөнінде егжей-тегжейлі талқылау жүргізді...
Ерікті жігер ойыны Қазақстандық
пианистика мектебінің жарқын болашағы бар, ал болашаққа арналған
жоспарлар тіптен жарқын. Қазірдің өзінде Құрманғазы аwтындағы Қазақ
ұлттық консерваториясын бітірген 20 жастағы жастардың жаңа буыны пайда
болды...
Мәдени алмасу Жақында
біздің редакциямызға Карл Уэтам атты жас жігіт келді. Кейін бізге мәлім
болғандай, ол Ұлыбританияның азаматы екен. Фотоға түсірумен әуестенеді,
көп елдерде саяхатта болған, бұл ретте, өзі болған елдердің өзіндік
мәдениетінің ерекшеліктерін тануға тырысады. Қазақстанға ол Еуропаға,
ТМД елдері мен Монғолияға саяхат жасағаннан кейін келген екен...
Уақыт тезінен соң: Лондон Шәкәрімді қарсы алды 2010
жылғы 31 қазанда Лондонның «Ройял Фестивал Холл» залында жергілікті
филармониялық оркестрдің орындауында британ композиторы Карл Дженкистің
«Шәкәрім» атты жаңа симфониялық туындысы алғаш рет қойылды. Оқиға қалың
жұртшылыққа ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық музыкасымен танысудың
бірегей мүмкіндігін ұсынады. Қазақ мәдениетін жаңа қырынан көрсетуге
арналған халықаралық премьера үш мыңдық залды жинады...
Алтын жабағы. Киізден жасалатын қазақ бұйымдары (жалғасы) Мереке
күндері және қонақтарды күту кезінде қазақтар текеметтің сыртынан
киізден жасалған кілемдер – сырмақтарды төсейтін болған....
Бұғыты аңғарының құпиясы Бұғыты
тауларының құпиясы маған көптен тыныштық бермей жүр еді. Бірегей тау
шатқалының пайда болуы туралы әртүрлі нұсқалар мен болжамдар құпияны
ашуға деген қызығушылығымды одан сайын арттыра түсетін. Тетис әлемдік
мұхитының құбылысы, ескі вулканның атқылауы – мұның бәрі мың жылдық
ландшафтың пайда болу тарихында ерекше орын алуы мүмкін. Шөгінді
жыныстарының әртүрлілігі (ақ, сары, қызыл, қызыл күрең, күлгін) көптеген
сұрақтарға жауапты қажет етеді.
Қыштың біріктіретін күші Изабель
Вершурен Парижде туған. Брюссельдегі Сән өнері мектебінде оқыған.
АҚШ-та, Грекияда, Үндістан мен Түркияда, Марокко мен Алжирде, Тайландта,
Жапония мен Қытайда, Қазақстан мен Өзбекстанда болған. Ол болған
жерлерінің бәрінде жергілікті мәдениетпен танысуға, технологиялық
құпияларды зерттеуге, қыштың бейнелік мүмкіндіктерін сезінуге тырысады.
Халықтың көркем жады. Мұражай коллекциясынан Қытай суретшілерінің гравюралары Ә.Қастеев
атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының коллекциясында атақты Қытай
суретшілерінің туындыларынан 113 көшірме сақталуда.
Қазақстан суретшілері соғыс жылдары. Н. С. Мухиннің мұрағатынан. Қазақстанның
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Н.С.Мухиннің мұрағаты
сақталуда, ол 1937 және 1960-шы жылдар аралығында Қазақстанның
Суретшілері Одағының хатшысы болған. Сол бір өткен жылдардағы өмір
бейнесін ол жинақтаған сансыз газет қималарынан, қаулылардың
көшірмелерінен және оның жеке жазбаларынан бағамдауға болады. Әсіресе
республиканың соғыс жылдарындағы көркемдік өмірі мен Алматы туралы
мәліметтер айрықша қызығушылық тудырады.
Құрметті қонақтар, материалдарды пайдалану кезінде
www.nomad-kazakhstan.kz сайтына сілтеме жасау міндетті!
|