Четверг, 28.03.2024, 16:58
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

КАЗАХСТАНСКИЙ ДНЕВНИК

Меню сайта
Категории каталога
мир [192]
Публицистика [121]
литература [25]
Актуально [310]
Актуальные новости
Казахстан [28]
Разнообразная информация о жизни страны
Украина [249]
Новости Украины
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
if(11< width=31 height=31 border=0 alt="TOP.proext.com">'); //--> Locations of visitors to this page
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Наш опрос
Какую информацию Вы хотите получить из Казахстана?
Всего ответов: 121

Каталог статей

Главная » Статьи » Актуально

Қазақстанда жастарды тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы жасалуға тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанда жастарды тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы жасалуға тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жастарды тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы жасалуға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының 14-ші сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Елбасы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тәрбиесіне айрықша мән беру керектігін атап өтті. Бұл мәселеде, әрине, отбасының алатын орны айрықша. Бірақ, мемлекет те бұл мәселеден сырт қалмауы керек. Осы ретте үкіметке келесі жаңа оқу жылына дейін толыққанды тұлға қалыптастыруға негіз болатын кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
Балабақшадан бастап, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында, әскери орындарда біз балаларға тек білім беріп қана қоймай, тәрбие беруді де назардан шығармауымыз керек, деді Елбасы.
Қазіргідей жаһандану дәуірінде жас азамат өз бойына белсенділік, өзгелермен тіл табыса білу, шыдамдылық, өз сөзінде тұру секілді қасиеттерді көптеп сіңіре білуі қажет. Жас азамат өзін әрдайым жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс. Керісінше, бір ұлттың тілі мен мәдениетін басқа бір ұлттың тілі мен мәдениетінен жоғары қою, менсінбеушілік секілді жаман қасиеттерден аулақ болған жөн. Себебі, бір ұлтты басқа ұлттан жоғары қою - қазіргі әлемдік дамудың бағытына қарама-қайшы келеді. Ал жақсы мен жаманның ара-жігін ажырататындай қасиетті бала санасына жастайынан сіңіруіміз қажет.
"Белгілі орыс ғалымы Лев Гумилев өз кезеңінде кез келген ұлттың күштілігі оның санының көптігінде емес, өзінің артындағы ұрпағына сақтап, қалдыратын және бүкіл әлемге тарататын рухани мәдениетінде деген болатын. Сол себепті де біз өзіміздің балаларымызды, жастарымызды өзгелерді тыңдауға және түсінуге, басқа ұлттардың тілі мен ділін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. Онсыз қазіргідей жаһандану дәуірінде ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Қазақстандық жастар өз елінің патриоты болулары керек. Түрлі экстремистік сипаттағы "көзбояушылықтарға" қарсы тұрар иммунитеттерін күшейтулері қажет",- деді Н.Назарбаев.

Бұл тұрғыда Елбасы қоғамдағы толернаттықты нығайтуда Ассамблеяның рөлі мен алар орнының маңыздылығына мән беру қажеттігін атап өтті. Бұл мәселеде еліміздегі этномәдени орталықтар көшбасшыларына да артылар жүк осал емес. Сіздер еліміздегі жалпыазаматтық құндылықтарды жетілдіріп, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға атсалысуларыңыз керек, деді президент.

Мемлекет басшысы Ассамблеяның мемлекеттік тілді оқып-үйрену қажеттілігін насихаттау бағытында да белсенділік танытуы керектігіне айрықша мән берді.
Категория: Актуально | Добавил: kazahd (24.10.2008)
Просмотров: 2432 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 2
2 begalin  
0
Да, так и есть. Приносим свои извинения.

1 Отюкенская Черь  
0
Блин, текст выбился, со шрифтами проблема, что ли?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]