Вторник, 12.12.2017, 07:35
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

КАЗАХСТАНСКИЙ ДНЕВНИК

Меню сайта
Категории каталога
мир [192]
Публицистика [121]
литература [25]
Актуально [310]
Актуальные новости
Казахстан [28]
Разнообразная информация о жизни страны
Украина [247]
Новости Украины
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
if(11<
 
  
 
width=31 height=31 border=0 alt="TOP.proext.com">'); //--> Locations of visitors to this page
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Наш опрос
Какую информацию Вы хотите получить из Казахстана?
Всего ответов: 121

Каталог статей

Главная » Статьи » Казахстан

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы күні Астанада «Мәңгілік Ел» Жасампаздық қақпасын ашуға қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы күні Астанада «Мәңгілік Ел» Жасампаздық қақпасын ашуға қатысты


Салтанатты іс-шараға 20 мыңнан астам елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Өз сөзінде Президент Астанада Жасампаздық қақпасының ашылуы Қазақстанның Тәуелсіздіктің 20 жылындағы табыстарын білдіретінін атап өтті.
- Біз бұл тамаша Жасампаздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз бүгін осы жерге ұлы мерекені – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту үшін келіп тұрмыз. Мен барлығыңызды осы мерекемен құттықтаймын. Халқымызға жақсылық, бақыт, әрбір отбасына амандық тілеймін! Қазақстан жасасын! Тәуелсіздік жасасын! Қазақстандықтардың бірлігі жасасын! Мерекелеріңізбен! – деді Президент.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскерлері Жасампаздық қақпасы алдынан сап түзеп өтті.
«Мәңгілік Ел» Қазақстандағы тұңғыш Жасампаздықтың қақпасы – еліміздің егемендігі мен Тәуелсіздігі туралы сан ғасырдан бергі арманының іске асырылған, халқымыздың жасампаздығы мен қазіргі заманғы Қазақстанның жаңа символы.
Жасампаздық қақпасы Орынбор көшесі мен № 25 көшесінің қиылысқан жеріне орналасқан. Қақпаның биіктігі 21,5 метр, ені – 13 метр. Архитектуралық заңдылыққа сәйкес «Мәңгілік Ел» қақпасының әрбір қабырғасының симметриялық өлшемдерінің теңдігі бірдей.
Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл халықтың абыз ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. «Ана» бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарына ұласады. Қақпаның сол жағындағы орында Көшпенді сарбаздың, ал оң жағында қазіргі Қазақстан жауынгерінің мүсіні орналасқан. Ежелгі көшпенділер сарбазының мүсіні қазақ батырларының жанқияр ерліктері мен қаһармандығын бейнелейді, ал оның сыртқы стилі Аңырақай шайқасы кезеңіне негізделген. Жалпы алғанда, бұл мүсіндер жиынтығы қазақ халқы үшін қастерлі ұғым - ел қорғау ісінен бастау алады. Жаугершілік тақырыбы сонау көшпенділер сарбаздарынан қазіргі заман әскерлеріне дейінгі соғыс салттарын дәріптеп, қаһармандық тарихын паш етеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы әскери қызметкер мүсіні өз кезегінде жастық пен жалынды ұрпақтың, ел болашағының белгісі болып табылады. Әр мүсіннің жоғарғы жағында елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. «Мәңгілік ел» тіркесінің пәлсапалық тамыры терең, мағынасы зор. Композицияның жоғарғы бөлігін тұтас күрделі ою-өрнектер шоғыры алып жатыр. Дәл осы өрнектер мемлекетіміздің көк байрағында да көрініс тапқан. Мемлекеттік туға тән күн мен қалықтаған қыран бейнесіндегі символика бүкіл композицияның өзегіне айналған. Күн - өмірдің, күш-қуаттың көзі. Қыран - рәміздер тілінде билікті, кеңдік пен қырағылықты білдіреді. Ұлтымыздың дүниетанымында ол бостандықтың, тәуелсіздіктің, шырқау көкке, биік мақсаттарға ұмтылудың, болашаққа қанат қағудың символы.
Нысанның екі жағы да «Тай қазан» мүсіні орналасқан өзіндік орындармен ерекшеленеді. «Тай қазан» тыныштық пен тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді. Қабырғалары қазақтың күрделі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ортасына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі «Қалқан» орналасқан. Қалқан қашанда қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақтылық, жеңістің белгісі. Қақпаның ішкі жағындағы екі қабырғаның әрбірі 7 х 3,5 метр болатын бедерлі суреттермен әшекейленген. Олардың бірінде «Сақтар» - «Түркілер» - «Қыпшақтар» - «Қазақтар» тізбесіндегі қазақтың шығу тарихының кезеңі көрсетілген. Келесі қабырғаның бас тақырыбы, ең қастерлі ұлттық құндылық – Тәуелсіздікке арналады. Өрнекті қабырға бүгінгі тәуелсіздіктің мазмұнын ашып, мағынасын тарқататын «Ақорда», «Бәйтерек» және басқа да нысан суреттерімен бедерленген. Болашаққа деген батыл қадамды жас буынға арналған бедерлі суреттер бейнелейді. Тұтас идеологиялық құрылымның тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабындағы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» үзінді бекітеді.

Категория: Казахстан | Добавил: kazahd (22.12.2011)
Просмотров: 847 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]